Sport

СПОРТ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Жақында аудан орталығындағы
спорт кешенінде аудан әкімдігі ішкі
саясат бөлімі және «Жастар ресурстық
орталығының» ұйымдастыруымен
«Спорт – жарқын болашақ кепілі»
атты этнос өкілдерінің қатысуымен
жігіттер арасында кіші футболдан
аудандық турнир өтті.
Спорттық шараның мақсаты –
саламатты өмір салтын қалыптастыру
қағидаттарын насихаттау, спорт арқылы
этносаралық толеранттылыққа қол
жеткізу, бұқаралық спорттың одан әрі
өсуіне жағдай жасау.
К і ш і ф у т б о л ж а р ы с ы н а ж а с
ерекшеліктеріне қарамастан аудандағы
этнос өкілдерінен құрылған командалар
қатысты.
Ша р а н ы « Ж а с т а р р е с у р с т ы қ
орталығы» мекемесінің этномәдени
бірлестік жұмысын үйлестіруші маманы
Судаба Металимова ашып, келген
қатысушыларға сәттілік тілеп, ойынды
бастады.
Сайысқа сегіз құрама команда
қатысты. Б.Момышұлы ауылынан
«№1 МГ» құрамасы, №4 Қ.Сағындықов
атындағы ОМ, №16 Жуалы колледжі,
«Жетітөбе» құрамасы, «Қарасаз
жастары» құрамасы, Қызыларық және
Нұрлыкент ауылдық округінің жастары
және №13 А.Байтұрсынов атындағы
ОМ құрамалары қатысып, бақ сынасты.
Шараға Б.Момышұлы ауылының
спорт ісі нұсқаушысы Қ.Орманов төрелік
етті.
Шараның қорытындысы бойынша
I орын №16 Жуалы к олледжінің
құрамасы иеленсе, II орынды «Қарасаз
жастары» құрамасы, III орынды
№13 А.Байтұрсынов атындағы ОМ
құрамасы иеленді. «Үздік қорғаушы»
номинациясымен №4 Қ.Сағындықов
атындағы ОМ оқушысы Д.Загаруйко,
«Үздік шабуылшы» номинациясымен №1
мектеп-гимназияның оқушысы А.Олешк
және «Үздік қақпашы» номинациясымен
«Жетітөбе» құрамасынан мүшесі
М.Бақытбекұлы марапатталды.
Жеңімпаздарды аудан әкімдігінің ішкі
саясат бөлімінің бас маманы А.Арынова
дипломдармен марапаттап, бағалы
сыйлықтар тапсырды.
Айсұлу БОЛАТБЕКҚЫЗЫ,
аудан әкімдігі ішкі саясат
бөлімінің бас маманы

Таңдаулы материалдар

Close