Sport

жоғары жетістіктерге жетелеуде

Жақында Б.Момышұлы ауылындағы спорт кешенінде дзюдодан 2009-2010 жылы туған ұлдар және 2006-2009 жылдарда туған қыздар арасында «Спорт – терроризмге қарсы» атты облыстық ашық турнир өтті. Турнирге Тараз, Жаңатас қалаларынан, Талас, Байзақ, Жуалы аудандарынан жалпы 183 спортшы қатысты.
Спорттық шараның ашылуы салтанатында №12 балалар және Жөспірімдер спорт мектебінің директоры Д.Абилов сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Тартысты өткен турнирдің нәтижесінде командалық есепте І орынды Жуалы ауданының спортшылары иеленсе, ІІ орынды Тараз қаласының оқушылары қанжығасына байлады. Ал, жарыстың жүлделі ІІІ орны Жаңатас қаласының спортшыларына бұйырды.
Сонымен қатар, ауданның жасөспірім спортшылары да жүлделі орындардың қатарынан көрінді. Мәселен, І орынды 23 келі салмақтағы ұлдар Е.Оралбек, ІІ орынды Н.Таңсық, ІІІ орынды А.Қабылбек иеленді. Ал, 29 келі салмақтағы ұлдар О.Тұңғышбай, А.Қалижан, А.Сұраншы турнирдің үздік үштігінен көрінді. Сонымен қатар, 32,35,38 келі сақмақтағы спортшылар Н.Бақытжан, С.Жұрынбай, А.Мамбетбай, Қ.Пазылұлы, Б.Уәлихан, Д.Қанатбекұлы, Н.Келдібек, Н.Жарылқасын, М.Аймахан да жүлделі орындарды қанжығасына байлады.
***
Алматы қаласында таэквондодан Қазақстан Республикасының спорт шеберін орындауға арналған ашық республикалық «Champion» турнирі өтті. Турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен 1800 спортшы қатысты. Республикалық турнирге аудандағы Бексейіт Түлкиев атындағы таэквондо клубының спортшыларынан құралған команда да қатысып, жүлделі орындармен оралды.
Жарыстың жастар арасындағы жекпе-жегінде +78 келі салмақта Бекнұр Абдрамбек қарсыластарын жеңіп, І орынды иеленсе, дәл осы салмақта Айбол Далжанбек ІІІ орынға тұрақтады. Сонымен қатар, 8-9 жас арасындағы балалар арасында +28 келі салмақта Мирас Жүрсін, +33 келі салмақта Әли Рахым, -22 келі салмақта Жарқын Қымызбек үздік үштіктен көрінді.
Турнирде аталған таэквондо клубының 10-11 жас аралығындағы спортшылары, атап айтқанда, -30, -26, -24, -33 келі салмақтағы Алдияр Нарбек, Арсен Рысбай, Медет Алижапбар, Әліби Жұмағали І орынды иеленсе, -28 келі салмақта Олжас Мелдек ІІ орынға, -36 келі салмақта Айбек Аман ІІІ орынға тұрақтады.
Сондай-ақ, турнирде қыздар да жүлделі орындарға ие болды. 12-14 жас аралығындағы -33 келі салмақта жекпе-жекке шыққан Аяулым Әбуқызы ІІ орынды иеленсе, 10-11 жас аралығындағы спортшылар, яғни -33 келі салмақтағы Кәусар Қонысбай ІІ орынға, дәл осы салмақтағы Толғанай Жамалбек ІІІ орынға тұрақтады.
Бексейіт Түлкиев атындағы таэквондо клубының шәкірттерін Имантай Әбеев, Рахат Диқанбаев, Алмаз Маделим сынды жаттықтырушылары спортқа баулып, жоғары жетістіктерге жетелеуде.

Бердіғұл Айтпеков,
№12 Балалар және жасөспірімдер
спорт мектебінің әдіскері

Таңдаулы материалдар

Close