Sport

Жеңіс тұғырынан көрінді

Жақында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Тараз Арена» спорт кешенінде өткен «Ұлттық мектеп лига-2019» жарысында жуалылықтар жеңіс тұғырынан көрінді.
Жарыстың мақсаты – Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында нақтыланған міндеттерді жүзеге асыру. Сондай-ақ, мектеп оқушыларының денсаулығын арттыруға, олардың арасында саламатты өмір салтын қалыптастыруға және дене тәрбиесі мен бұқаралық спорт жүйесін дамытуға ықпал жасау. Республикалық жарыстарға қатысатын құрама командалар үшін талантты жас спортшыларды даярлап, іріктеуге бағытталған жұмыстарды мақсатты түрде жүзеге асыру.
Жарыста ауданнан қатысқан командаларға аудан әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері А.Сатыбалдиев жетекшілік етті. Додада Шақпақата ауылындағы №4 Қ.Сағындықов атындағы орта мектептің 7-8 сынып ұлдарынан құралған волейбол командасы облыстық «Ұлттық мектеп лига-2019» жарысының жеңімпазы атанып, республикалық мектеп лигаға жолдама алды. Ал, қыздар арасындағы волейболдан Көлтоған ауылындағы №8 С.Бәйтіков атындағы орта мектептің 7-8 сыныбының қыздар командасы ІІ орын, футболдан Жаңаталап ауылынан Жаңаталап орта мектебінің 9-11 сыныбының қыздар командасы да ІІ орынды иеленді.
Команда жаттықтырушылары Р.Сазанбаев, Н.Дүйсенбекұлы, М.Ахметов, С.Оңғарбай, А.Тұрсынбаев, Б.Ертаев, Б.Найзабеков, Б.Бекбердиев, Б.Ыбырайымов, Н.Жидебековке алғыс айта отырып, алдағы уақытта да жуалылықтардың жеңіс тұғырынан көрінетіне сенім білдіреміз.
Азамат Сатыбалдиев,
аудан әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері

Таңдаулы материалдар

Close