Sport

Республикаға жолдама алды

Жақында облыстық білім басқармасының «Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру» орталығының ұйымдастыруымен «Ұлттық мектеп лига-2019» жарысы өтті. Жарыста волейболдан №8 С.Бәйтіков атындағы орта мектептің 5-6 сыныбының ұлдар командасы чемпион атанып, республикалық ұлттық мектеп лигасына жолдама алды.

Сонымен қатар, жуырда «Тараз-Арена» спорт кешенінде өткен «Спорт Вест Қазақстан» жарысында №2 Мыңбұлақ орта мектебінің оқушысы Данагүл Төребай тоғызқұмалақтан І орынды иеленіп, республикалық жарысқа жолдама алды. Сайыста аталған мектептің оқушысы Азат Тұралы тоғызқұмалақтан ІІ орын және №6 А.Пушкин атындағы орта мектептің оқушысы Динара Әлібай үстел теннисінен ІІ орынды жеңіп алды.
Жерлестеріміздің мұндай жетістікке жетуіне Бекжан Бексұлтанов, Алмат Ғаниұлы, Алғабек Тоқболатов және Берік Найзабаев сынды жаттықтырушыларының ықпалы да болды. Облыстық жарыстарда жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, кубокпен және медальдармен марапатталды.

Азамат Сатыбалдиев,
аудан әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері,
команда жетекшісі

Таңдаулы материалдар

Close