Sport

Балғын балуандар бәсекесі

Ағымдағы жылдың 17-19 қазан аралығында аудан орталығындағы Спорт кешенінде «Спорт – терроризмге қарсы!» тақырыбында дзюдо күресінен №12 Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі ұйымдастырылған болатын. Аталған біріншілікке 2007-2008 және 2009-2010 жылдары туған жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысып, өзара бақ сынасты. Жалпы жарысқа ауданның балғын балуандарымен қатар Жамбыл облысының Тараз, Қаратау, Жаңатас қалаларынан барлығы 200 спортшы қатысқанын айтуымыз керек. Ашық біріншіліктің ашылуы салтанатты жағдайда өтіп, онда №12 Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Данияр Абилов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі.
Ашық біріншілік үш күн бойы өте тартысты өтіп, жеңімпаздар анықталды. Осынау спорт бәсекесінде ауданымыздың балғын балуандары жақсы нәтиже көрсетіп, нәтижесінде ұлдар арасында 32 және +55 келі салмақ дәрежелері бойынша С.Сағынбек, Д.Хабарбек, Д.Толыбайұлы, О.Нұрсұлтан, А.Сейіткерім І және ІІ орындарға қол жеткізді. Аталған балуандар №1 мектеп-гимназия, №15, №29 орта мектептер, №2 Мыңбұлақ орта мектебі, сонымен бірге М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушылары. Ал қыздар арасында Ж.Керімқұл, С.Данайбек, Қ.Сатыбек, А.Зерекбай 33 және +44 келіде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.
Сонымен қатар 2009-2010 жылдыры туған жасөспірімдер арасында 23 пен +40 келі бойынша Е.Оразбақ, О.Тұңғышбай, А.Нұрхан, О.Рысбек, Н.Келдібек, Д.Мұқтар, Ж.Лесхан, Ж.Оразбақ, А.Зерекбай, А.Асқар, Ж.Пернебек, А.Қуанышбек, Б.Әбейір, А.Ілияс, А.Біржан сынды жас балуандар жеңімпаз және жүлдегер атанды. Осы ретте, балаларды күнделікті жаттықтырып, жарыстарға қатысуға баулыған халықаралық дәрежедегі төреші Тайжан Қозыбеков, А.Аитпеков, Б.Сәрсенбекұлы, Р.Тоқбаев, Р.Парманов сынды жаттықтырушылардың ерен еңбегін атап көрсеткен жөн сияқты.
*****
Жақында Жамбыл облысы бойынша 2003-2004 жылдары туған ауыл жасөспірімдерінің арасында ауыл ойындары өтті. Жамбыл ауданы Аса ауылында ұлдар арасында өткізілген облыс біріншілігінде дзюдо күресінен жуалылық балуандар бірінші орынды жеңіп алды. Жаттықтырушылары ХДТ Т.Қозыбеков, А.Айтпеков, Б.Сәрсенбекұлы, Р.Тоқбаев, Р.Парманов.
Сонымен қатар Тараз қаласында өткен облыс біріншілігінде И.Әбеев, М.Маделим, Р.Диқанбаевтың қол астында жаттығатын ауданның таеквандошылары да қарсылас шақ келтірмей, бірінші орынды жеңіп алды. Жуалының намысын қорғап жүрген жас спортшыларымызға алдағы уақытта да жарқын жеңістер тілейміз!

Бердіқұл Айтпеков,
№12 БЖСМ-ның әдіскері

Таңдаулы материалдар

Close