Sport
Әлемдік чемпионатқа жолдама алды
Аудан орталығынан ашылған «Жуалы Арлан батырлары» аралас жекпе-жек Академиясы талай спортшыларды спортқа баулып, жеңіске жетелеп жүр. Академияның шәкірттері бүгінде апта сайын түрлі жарыстарға қатысып отырады. Соның бірі жақында Қарағандыда өткен «Кубок дракона» атты республикалық турнир. Турнир грэпплинг, Джиу-Джитсу, жауынгерлік самбо, толық жанасатын Панкратионнан өтті. Аталған Федерациялардың ұйымдастыруымен өткен жарыс екі күнге созылды.
Аталған турнирге біздің ауданнан 15 спортшы қатысты.
-Ойын өте тартысты өтті. Бұл жарыста чемпиондық белбеу, спорт шебері атақтары және әлемдік чемпионатқа арналған жолдама да сарапқа салынды.
Толық жанасатын Панкратионға 14 спортшымыз, жауынгерлік самбоға 11, Джиу-Джитсуға екі спортшымыз, грэпплингке бір спортшы қатысты,- дейді Академияның жаттықтырушысы Азат Шыңғазы. – Менің шәкірттерімнің ішінде Нұрғазы Шыңғазы мен Нұрғиса Анарбек чемпиондық белбеу мен әлемдік чемпионтқа жолдаманы жеңіп алды. Сонымен бірге Асадов Видади мен Нұрдәулет Маратбекұлы (суретте төрт чемпион) чемпиондық белбеуді иеленді.
Ал, Нұрәли Нұрлыбайұлы, Арсен Қалдыбек, Аян Қалдыбек, Әлішер Рысбай, Еркеш Ілиясұлы, Еркеғали Ерланұлы, Мәди Хамза, Әлішер Жұмамұратов, Бекзат Исабек, Иса Батшаев, Әлжапар Абаев І, ІІ, ІІІ жүлделі орындарды иеленіп, медальдармен марапатталды. Командалық есепте де төрт спорт түрінен де жүлделі орындарды иелендік.
Әлемдік чемпионатқа жолдаманы жеңіп алған шәкірттеріміз жақында Мәскеуде өтетін әлемдік чемпионатқа барады.
Жеңімпаз жас спортшыларымызды қуаныштарымен құттықтаймыз! Жуалылықтар әрдайым жеңіс тұғырынан көріне берсін!
Перизат Шымыртайқызы.
«Жаңа өмір»