Basty bet

Ұлағаты Абайдың

Абай – ойшыл, шын хакім, дара тұлға,
Ұғынған жан сіңірер санасына.
Мол ұлағат нақыл бар әр сөзінде,
Айтып кеткен адамзат баласына.

Халқы үшін ізгілік іздеп жер-көктен,
Шерлі өлеңмен жыр нөсерін селдеткен.
Қалың елдін қамын жеп, қайғы жұтып.
Кең даланы мұңды әуенмен тербеткен.

Надандықтан құтқарам деп қазағын,
Жаны күйзеліп, тартқан талай азабын.
Кең даланы күңірентіп әнімен,
Көкірегінен төгіліпті ғажап үн.

Терең оймен қалдырған ғибрат жазып,
Адамзат баласына болар азық,
Қанша уақыт өтсе де мәнін жоймай.
Тура жолдан тайдырмас темірқазық.

Әр сөзінде даналықтың дәні бар,
Ұрпақ үшін айтылған ұлағаттың бәрі бар.
Сан сауалдың шешімін таппай қиналсаң,
Сөздерінен шын жауабы табылар.

Парасаты өнерімен астасып,
Жырлай білген шеберлікпен дөп басып.
Даналықпен айтылған ұлағатың
Мәңгі-бақи қалмақ емес тот басып.

Абай – ақын, ол – кемеңгер, ғұлама,
Абайды оқы, жүрек үнін тыңда да.
Жыр теңізі, суалмайды ешқашан,
Терең бойла, ол қалдырған мұраға!

Әлия ЖАҚСЫБЕКОВА,
зейнеткер.
Көлтоған ауылы

Таңдаулы материалдар

Close