Basty bet
Алғыс білдіреміз!
Биылғы 2025-2026 жаңа оқу жылының қарсаңында ұйымдастырылған «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында көмекке мұқтаж көпбалалы, толық емес отбасылардың балалары мен тұрмыстық жағдайы төмен ортада өсіп жатқан балаларға жыл сайын жүрегі жомарт, қолы ашық азаматтар көмек қолын созып, оларға демеушілік жасауда.
Аудан активі мен белсенді азаматтары №7 Т.Әкімов атындағы орта мектептің алты оқушысына мектеп формасын алып берді.
Атап айтқанда, мектеп ұжымы, Жетітөбе ауылдық округінің әкімі Қ.Беделбеков, жеке кәсіпкер Н.Нұржанұлы, аудандық мәслихаттың депутаты Қ.Наушабаев, АШӨК жетекшісі А.Уразовский оқушыларға мектеп формасы мен оқу құралдарын алып берді.
20 тамыз күні аудандық орталық базарда өткен жәрмеңкеге атсалысқан кәсіпкерлерге алғыс білдіреміз. 1-31 тамыз аралығында «Мектепке жол» акциясы өз жалғасын табады.
Аян ҚОЖАНАЗАРОВ,
№7 Т.Әкімов атындағы
орта мектептің
әлеуметтік педагогы