Basty bet
АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІ БӨЛІМІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖАЙЛЫ
2022 жылғы 14 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті және білім беруді дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң аясында АХАТ саласында «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне өзгерістер енгізілді.
01.07.2023 жылдан бастап азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі функциялары жергілікті атқарушы органдардан алынып, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) берілді.
АХАТ функцияларын мемлекеттік корпорацияға беруі АХАТ органдарын таратуды көздемейды, тек азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу құзыреті бір органнан екінші органға берілгенін білдіреді.
АХАТ функцияларын коммерциялық емес акционерлік қоғамына беру, азаматтардың мүдделерін ешқандай түрде қозғамайды және олардың мемлекеттік қызметтердің барлық түрлерін алуына кедергі келтірілмейді.
Айта кететін бір жайт, бүгінгі таңда, «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу» қызметі алынып тасталды, яғни бұрынғыша атын, әкесінің атын, тегін ауыстырғандығы туралы куәлік берілмейді, тек туу туралы акт жазбасына немесе басқа да жазбаларға өзгерістер енгізіліп, сол қызмет бойынша куәліктер беріледі.
Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық хал актілерін мемлекттік тіркеу туралы қағаз куәліктерді алмай-ақ, Электронды Үкімет Порталы арқылы азаматтық хал актілерін электрондық форматта тіркеу туралы куәліктер мен анықтамалар беруді қамтамасыз етеді.
Бұл ретте түсіндіре кету қажет, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер мен анықтамалар электрондық нысанда беріледі, азаматтардың қалауы бойынша қағаз жеткізгіште де берілуі мүмкін. Электрондық нысанда берілген азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер, анықтамалар құжатты берген тіркеуші орган бастығының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады.
Сонымен қатар, елден тыс жерлерде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі куәліктер мен анықтамаларды қағаз жеткізгіште беріледі.
Қазіргі уақытта, қайтыс болу туралы акті автоматты түрде тіркеледі және қайтыс болған адамның туыстары «электрондық үкімет» порталы арқылы қайтыс болу туралы хабарлама алуына мүмкіндігі бар және қайтыс болу туралы куәлікті алудың қажеттілігі жоқ.
26.04.2023 жылы ҚР Әділет министрінің №266 бұйрығымен «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, азаматтық хал актілерінің күшін жою және қалпына келтіру қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі-қағидалар) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Қағида «Азаматтық хал актісін тіркеу туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» тарауымен толықтырылды.
Бұл ретте азаматтық хал актілер жазбаларын өзектендіру базалық ақпараттық жүйесіндегі мәліметтерді түзету портал арқылы электрондық түрде түскен өтініш негізінде 2 (екі) жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта АХАТ органдары тууды, қайтыс болуды, некені қиюды және некені бұзуды мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілерін өзгертуді, толықтыруды, түзетуді, қалпына келтіруді және жоюды жүзеге асырады.
АХАТ органдары арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету тарифіне келер болсақ, олардың өзгеріссіз қалғанын хабарлаймыз.
Мемлекеттік корпорация қосылған құн салығын төлеуші болып табылғандықтан, ақылы қызметтер үшін ғана қосылған құн салығы қосылады. Ал тууды, қайтыс болуды тіркеу және т.б. сияқты тегін көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үшін бұрынғысынша алым алынбайды.
Атап айтқанда, некені қию туралы өтініш бергені үшін – 3864 теңгені, екі жақтың келісім бойынша некені бұзуға өтініш беру үшін -7728 теңгені, актілік жазбаларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу бойынша өтініш берген үшін -1932 теңгені, актілік жазбаны қалпына келтіру үшін өтініш беру үшін -1932 теңгені, актілік жазбалар бойынша анықтамалар алу үшін өтініш беру үшін – 1159,20 тиынды құрайтынын хабарлаймыз.
Ақпарат тәртібінде, мемлекеттік қызмет көрсету процесін жеңілдету және цифрландыру мақсатында, 2019 жылы әкелікті анықтау, асырап алу, неке бұзу (сот шешімі негізінде) туралы куәліктерді беру алынып тасталынғанын ескертеміз!
Динара Қалдыбекова,
«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ
Жамбыл облысы бойынша филиалының
Жуалы аудандық АХАТ бөлімінің басшысы