Basty bet
«Серпін – 2050» бағдарламасы
«Серпін – 2050» әлеуметтік бағдарламасы 2014 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – оңтүстік аймақтардағы (Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстары) ауыл жастарын кадр тапшылығы бар солтүстік, батыс және шығыс өңірлердегі жоғары оқу орындарына тарту. Бағдарлама жастарды біліммен қамтып қана қоймай, оларды оқу бітірген соң жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді.
Негізгі бағыттары:
– Педагогикалық мамандықтар;
– Инженерлік-техникалық бағыттар;
– IT саласы;
– Ауылшаруашылық мамандықтар.
Бағдарламаға қатысу шарттары:
– Тек аталған оңтүстік облыстардың ауыл мектеп түлектері қатыса алады;
– ҰБТ немесе кешенді тесттен кемінде 50 балл жинау қажет (кейбір педагогикалық мамандықтарға – 75 балл талап етіледі);
– Таңдау пәнінен кемінде 7 балл жинау қажет.
Студенттерге ұсынылатын мүмкіндіктер:
– Мемлекеттік грант негізінде тегін оқу;
– Ай сайын шәкіртақы алу (орта есеппен 42 000 теңге шамасында);
– Жатақханамен қамтамасыз етілу;
– Жыл сайын жолақы шығындарының төленуі;
– Оқу бітірген соң 100% жұмысқа орналасу кепілдігі.
«Серпін – 2050» бағдарламасы – ел болашағы үшін маңызды бастама. Ол жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартып қана қоймай,елдің кадрлық әлеуетін нығайтуға үлес қосып келеді.
Ақниет Сейдуалы,
«Жастар ресурстық орталығының» бөлімше меңгерушісі