Basty bet
ҰЛТ ИГІЛІГІ ЖОЛЫНДАҒЫ ТЫҢ ӨЗГЕРІСТЕР
Партияның кезектен тыс сьезінде атқарылған жұмысқа талдау жасалып, келесі батыл қадамдар айқындалды. Атап айтқанда, өзекті мәселеге айналған тұрақты жұмыс, баспана, жастар мәселесі де көтерілді. Сонымен қатар, еліміздің көшбасшы партияның атауын “Аманат” етіп өзгерту, ата-бабаларымыздың қасиетті сертінен пайда болған бастау деп есептеймін. Ата-бабаларымыз АМАНАТ ұғымының астарында сарқылмас сауап пен тарқамас жақсылық жатқанын жақсы білген.
Бұл шешім – аумалы-төкпелі кезеңде бас партияның жұмысын жаңғыртып, болашағын бағдарлаудың басты қадамы деп білемін. Қазір қоғам мен халықтың сұранысы да өзгерді. Шындықтан қашып құтыла алмаймыз, расында да халықтың басым бөлігінің әлеуметтік жағдайы күн санап төмендеді. Мұны жасыра алмаймыз. Осының бәрін ескере отырып, партия халық үніне жауап бере алатын саяси күшке айналуы тиіс.
Мемлекет басшысы айтқандай, қазіргі заманда партия халықпен тығыз байланыста болуы керек. Сол себептен жаңарған саяси ұйым өз жұмысын барынша ашық көрсетеді. Яғни, партия жанындағы кеңес отырыстары тікелей эфирден көрсетіліп, халықтан түскен арыз-шағымдары мен өтініштері бақылау жүйесінде қадағаланады.
Мұндай бастамалар ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартып, шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелерді шапшаң шешу үшін жасалып отырған әрекет деп білуіміз қажет. Ұлт болашағы үшін жасалатын өзгерістер жақсылыққа толы болсын!
Руслан Сайлаубаев,
аудандық мәслихаттың депутаты