Basty bet

Елбасы – ұлт мақтанышы

«Достық» мәдениет үйінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті.

«Достық» мәдениет үйінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті.
«Елбасы – ұлт мақтанышы» атты салтанатты жиынның алғы сөзін аудан әкімі Нарбай Ергебеков алып, аудан халқын мерекемен құттықтап, бірқатар еңбек озаттарын аудан әкімінің Алғысхатымен, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының Құрмет грамотасымен марапаттады.
Сондай-ақ, салтанатты жиында аудандық мәслихаттың хатшысы Ерғали Тілеубеков те сөз алып, жиынға қатысушыларды құттықтап, жемісті еңбек етіп келе жатқан бірқатар азаматттарға мәслихаттың Алғысхатын тапсырды.
Жиын Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының концерттік бағдарламасына ұласты. Филармонияның әншілері мен бишілері патриоттық рухтағы әндері мен қазақ билерімен халықтың ризашылығына бөленді.
«Жаңа өмір» – ақпарат

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close