Basty bet
Оқушыларға арналған семинар өтті
2025 жылғы 10 қыркүйегінде ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Н.М.Әбдіровпен бекітілген Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай барлық деңгейдегі сайлау комиссияларына арналған іс-шаралар жоспарының 7-тармағына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастырумен Шерхан Мұртаза атындағы №1 мектеп-гимназияның 10-11 сыныптардың оқушыларына семинар өткізілді.
Семинарды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Алтыбаева жүргізіп отырды.
Семинарда «Конституциялық таңдау және сайлау құқығы», «Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығының қағидаттары» тақырыптары бойынша баяндама жасалып, семинар соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілді.
Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы