Basty bet

Президент жолдауы – жарқын болашақтың басты бағдары

өңір ардагерлері Президенттің халыққа Жолдауын кеңінен талқылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын Жамбыл облысының ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері де кеңінен талқылып, оған ой қосып, ұсыныс-пікір білдіру үстінде. Бұл – өте маңызды.

Президент Жолдауына арналған маңызды жиынның бірі осы аптада аудан ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері арасында ұйымдастырылып, оған ауыл имамдары да қоса шақырылды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы және «Заң мен тәртіп, Әділ қоғам» Жамбыл облыстық ардагерлер форумында қабылдаған Үндеу мен шешімдерді іске асыру бағытында ұйымдастырылған аудандық ардагерлер жиналысына Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев бастаған ардагерлер шақырылды. Топтың құрамында облыстық ардагерлер кеңесінің өкілдері, Жамбыл, Байзақ, Талас және Сарысу аудандарының ардагерлері ұйымының төрағалары бар.
Ардагерлер тобы ең алдымен аудан орталығына аялдап, осындағы даңқты қолбасшы, қазақтың қаһарман перзенті, жазушы Бауыржан Момышұлының еңселі ескерткішіне гүл шоғын қойып, Батыр рухына тағзым жасады. Келесі кезекте кәсіпкер азамат Мұрат Нысановтың шағын сүт өңдеу зауытына барып, кәсіпорынның табиғи өнімдерімен танысып, одан дәм татты.
Айта кету керек, Президент Жолдауына арналған маңызды жиынның негізгі бөлімі Ақсай ауылдық округінің Қайрат ауылында өтті. Онда топ мүшелері Бауыржан Момышұлының мемориалдық музейіне соғып, жәдігерлермен танысты. Музей ауласындағы шағын жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Жұмашев сөз сөйлеп, ол Жуалы ауданынан шыққан тарихи тұлғалармен таныстырды. Қонақтар 2024 жылы «Үлгілі ауыл» облыстық байқауында топ жарған өңірдегі іргелі елдімекендердің бірі – Қайрат ауылындағы жаңашыл істермен танысуға мүмкіндік алып, ауылдық округтің әкімі Мақсат Мәтен ауылдағы үлгілі істерді көпшілікке таныстырды. Ардагерлер тобы одан кейін «Ақсай-Жуалы» сауда белгісімен құтыдағы минералды су өндіретін жаңа кәсіпорынның жұмысына қанықты.
Жиынның негізгі бөлімі Қайрат ауылдық мәдениет үйінде өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған жиналыста бірнеше азамат көлемді баяндама жасап, Президент Жолдауында елді жаңаша қырынан дамытуға бағытталған негізгі бағыт-бағдарлардың өзектілігі туралы кеңінен ой өрбітті.
Ардагерлер жиынын Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Жұмашев ашып, жүргізіп отырды. Сейітхан Шерелханұлы ең алдымен жиынның күн тәртібінде қаралатын мәселелердің маңыздылығына тоқталды.
Жиынның ашылуында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметова, Президенттің Жолдауындағы айтылған – тәртіпке бағынған қоғам құру елді өркениетке байтайтынын баса айтып, жас ұрпақтың тәрбиесіне қоғам болып атсалысудың қажеттілігін атап өтті.
Жиынның күн тәртібіндегі бірінші мәселеге байланысты аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Жұмашев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы және «Заң мен тәртіп, Әділ қоғам» тақырыбында ауқымды баяндама жасады.
– Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауы – халықтың болашаққа деген сенімін күшейтіп, елдің жаңаша даму бағытын айқындаған маңызды құжат. Президенттің елді цифрландыруға, жасанды интеллектті дамытуға және білім сапасын жаңа деңгейге көтеруге қатысты айтқан пайымды ойлары – уақыт талабы ғана емес, келер ұрпақтың жарқын болашағына бағытталған нақты қадам болғаны анық.
Қоғамда «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын терең орнықтыру туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Жолдауда атап көрсетіп: «Заң мен тәртіп» –мемлекетіміздің мызғымас тұғыры» деген пікірін білдірді. Жолдауда айтылғандай, қоғамда осынау қағиданы түбегейлі орнықтыру үшін барлық құзырлы органдар арасында ортақ көзқарас пен ортақ ұстаным болуға тиіс. Бұл – ең алдымен, құқық бұзушылыққа жол бермеу қағидасы, яғни, кез келген заңсыздыққа қарсы тұру деген байыпты ұстаным.
Биыл тамыз айында Тараз қаласында «Заң мен тәртіп, Әділ қоғам» атты Жамбыл облыстық ардагерлер форумында қабылданған Үндеу мен шешімдерді іске асыру үшін ауылдық округтерде жиналыс өткізу кестесі жасалған. Мұндағы басты мақсат – қоғамда тәртіп, тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз етудегі әділдік пен ізгілік амалдарын орындауда қоғамда заң мен тәртіп қағидатын орнықтыру,- деп атап өтті баяндамашы.
Жиында ары қарай аудан прокуроры И.Тойшыбеков «Заң мен тәртіп» қағидаты – қоғамдық тәртіпті сақтау мен зандылықты орнықтырудың кепілі», АПБ бастығының м.а. А.Әміребек «Заң мен тәртіп» қағидатының орындалуы туралы, ауданның бас имамы Е.Таласбаев діннің қоғамдағы рөлі, «Отбасын қолдау орталығы» мекемесінің директоры Ж.Қалымбетова отбасы құндылықтары, Аналар алқасының мүшесі К.Қамбарова бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, ардагер Е.Абсалямов жаназа мәдениеті туралы, ал жиынды қорытындылаған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Солтыбаев «Заң мен тәртіп» қағидаты – қоғамдық тәртіпті сақтау және заңдылықты орнықтырудың кепілі» тақырыптарында баяндама жасап, жиын қатысушыларының назарын қоғамдағы түйткілдер мен ортақ проблемаларға аударып, оны бірлесіп шешудің жолдарын талқыға салды.

Таңдаулы материалдар

Close