Basty bet

Достық пен мәдениет тоғысқан аймақ

Жамбыл облысы – ұлттар мен ұлыстардың ұйыса өмір сүріп жатқан өңірі. 87 этнос өкілінің бір шаңырақ астында тату-тәтті тірлік кешуі – көпұлтты мемлекеттің басты жетістігі.

Бұл бірлікті сақтап, одан әрі нығайтуда Қазақстан халқы Ассамблеясының орны ерекше.

Облыстағы 78 этномәдени бірлестік тек мәдени шаралар ұйымдастырып қана қоймай, халықтар арасындағы байланысты бекемдеуге зор үлес қосып келеді. Түрік, дүнген, өзбек, татар-башқұрт, күрді, қарашай-балқар этностарының өкілдері Жамбылдың мәдени кеңістігінде өзіндік рөлге ие.

Мәселен, «Бірлігіміз жарасқан» телебағдарламасы – осындай этностардың тыныс-тіршілігі мен дәстүрлерін насихаттайтын тың жоба. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде іске қосылған «Ассамблея айнасы» айдары – этносаралық татулықты заманауи форматта көрсетудің тамаша үлгісі.

«Ассамблея жастары» ұйымының белсенділігі де қуантады. Жастар түрлі іс-шаралар арқылы еліміздің бірлігін ұлықтап, өзге этностармен достық қарым-қатынас орнатып келеді.

ҚХА-ның 30 жылдығы құрметіне Тараз қаласында орнатылған ескерткіш тақта мен гүл шоқтарын қою рәсімі – өткенге тағзым мен болашаққа сенімнің символы.

Жамбыл облысы бүгінде ұлттар мен ұлыстардың татулығын паш ететін жарқын мысал. Бұл – тек қана саясат емес, бұл – өмір салты.

Таңдаулы материалдар

Close