Basty bet

Ашық сот отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейің Жамбыл облысында «Учаске» атты жедел-профилактиқалық іс-шарасы жүргізілуде. Бұл бастама 2025 жылды «Профилактика жылы» және «Заң мен тәртіп» деп жариялануына байланысты қолға алынып отыр. Іс – шараның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігің қамтамасыз ету.
Осы ауқымды іс-шара аясында Жуалы аудандық пробация қызметінің ұйымдастыруымен бас бостандығынан шектеу түріндегі жазасын, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру туралы, сотталған Т.Ә.Е.–ге қатысты ашық сот отырысы өткізілді. Ашық форматтағы сот отырысы есепте тұрған сотталған азаматтарға, қоғамға құқықтық тәртіптің маңызын көрсетуге, сондай-ақ азаматтардың құқықтық сана-сезімін артыруға, қайта қылмыс жасаудын алдын алуға, сотталған азаматтардың қоғамға қайта қосылыуын бейімдеуге бағытталған профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.
Мұндай бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Бағлан Бекмолдаев,
Жамбыл облысы бойынша
ҚАЖД Жуалы аудандық
ПҚБ бастығы.
Әділет капитаны

Таңдаулы материалдар

Close