Basty bet

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – азаматтық борыш

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету – мемлекеттің қауіпсіздігін құрайды. Отанның қасиетті шебі мен бейбітшілігін, қауіпсіздігі мен тұтастығын қамтамасыз ету – әрбір азаматтың борышы.
Осы орайда, 2025-2026 жылдарына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясы, Ресей Федерациясының жоғарғы әскери оқу орны, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрлық әскерінің әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына, Түркия Республикасының жоғарғы оқу орнына, Ұлттық ұланның академиясы оқу орындарына шақырады.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
– оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған және жиырма екі жастан үлкен емес Қазақстан Республикасының азаматтары;
– әскери қызметті өткергендерге, мерзімді әскери қызметшілерге және әскери қызметшілерге оқуға түсетін жылы жиырма төрт жастан үлкен емес Қазақстан Республикасының азаматтары;
– келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерге оқуға түсетін жылы жиырма бес жастан үлкен емес болуы тиісті.
Үміткерлерді қабылдау Тараз қаласы, Т.Ашимбаев көшесі №1 мекенжайы бойынша сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жүзеге асырылады, телефон нөмірлері: 8 (7262) 470-092, сағат 18:00-ден кейін
8 (778) 905-29-03.

Е.Жамаубаев,
Қазақстан Респуликасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің
бастығы, ұлттық
қауіпсіздік полковнигі

Таңдаулы материалдар

Close