Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 1 қарашаға дейін Жамбыл облысында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Бұл жұмыс 2025 жылды «Профилактика жылы» деп жариялауға байланысты қолға алынды. Негізгі мақсат – заң мен тәртіпті күшейтіп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Жуалы ауданында пробация қызметі мен полиция бөлімі бірігіп, есепте тұрған азаматтарды түнгі уақытта тұрғылықты жерінде тексеру үстінде. Яғни, сот шешімімен пробациялық бақылау белгіленген адамдардың күнделікті өмірі назарда.
Іс-шара барысында қайта қылмыс жасаудың алдын алып жалпы саны 35 мекенжай тексеріліп, сотталған азаматтарға 5 ескерту жарияланып, 3-еуі бас бостандығынан шектеу және шартты соттау жазаларын, бас бостандығынан айыру түріне ауыстыру туралы ұсыным Жуалы аудандық сотына ұсынылды, оның 1-еуі қанағаттандырылып, 2-еуі қаралу үстінде.
Мұндай тексерістердің мақсаты – қайталама қылмыстардың алдын алу, құқық бұзушылықтарға жол бермеу болып табылады. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері мен пробация қызметінің инспекторлары тек тексеріп қана қоймай, сол азаматтардың ата-аналарымен, жақындарымен сөйлесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Олар заңға қайшы әрекеттерден аулақ болуға, қоғамға бейімделуге кеңес береді.
Бұл шара – тек тәртіпті күшейту ғана емес, сонымен бірге бақылаудағы азаматтарға дұрыс жол көрсетіп, жаңа өмір бастауға мүмкіндік берудің бір тәсілі.
Бағлан БЕКМОЛДАЕВ,
Жамбыл облысы бойынша
ҚАЖД Жуалы аудандық
ПҚБ бастығы.
Әділет капитаны