Basty bet
Алаш қайраткеріне арналды
Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 2025 жылы ақын жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафоны» ұйымдастырылуда.
Күреңбел ауылдық кітапханасында Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, жазушы, публицист Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Қазақтың көрнекті қаламгері» атты портрет кеші өтті.
Міржақып Дулатұлы – қазақ халқының азаттығы үшін күрескен қайраткер, ақын, ағартушы. Ол «Оян, қазақ!» атты еңбегімен ұлт санасын оятуға ұмтылды. Оның пайымынша, әдебиет – халықтың жаны, ал ғылым мен өнер адам игілігі үшін қажет. Ұлттың тарихы мен тілі жоғалса, өзі де жойылады деп санаған. Кеш барысында №10 Күреңбел орта мектебінің оқушылары М.Дулатұлына арнауларын оқып, «Айжұлдыз» би тобы «Жорғатай» және «Өзбек» биін биледі. Ал 10 сынып оқушылары М.Дулатұлының өлеңдерін мәнерлеп оқып, Н.Әмірқұл «Қазақстаным» әнін нақышына келтіріп орындады. Кітапхана әдіскері М.Сәдірмек «Міржақып Дулатов» атты ауызша журнал, «Алаштың алдаспаны болған Міржақып Дулатов» атты библиографиялық көрсеткіш, «Ұлтымыздың ұлы тұлғасы» атты әдістемелік құрал, «Ұлтты танытқан ұлы тұлға» атты кітап көрмесіне шолу жасап, кітап инсталляциясымен таныстырды.
Іс-шараны кітапхана директоры Қайсар Асылбеков қорытындылап, қатысушы оқырмандарды Алғысхатпен марапаттады.
Аида ШӘКІР,
аудандық орталық
кітапхананың қызметкері