Basty bet

Азаматтар құқық қорғау органдарының іс әрекеттеріне шағым келтіруге құқылы

Қылмыстық іс тергеу барысында қылмыстық істегі дәлелдемелердің бұрмалануы немесе тергеу барысындағы полиция қызметкерлерінің басқа заңсыз іс әрекеттері, болмаса қылмыстық істің тергеу барысындағы заң жүзінде жүргізілмегендігінің полиция тарапынан көрінген әрекетсіздіктері анықталған жағдайда сотталушы, жәбірленуші немесе куәгерлер тарапынан осы мәселеге қатысты прокуратура немесе сотқа шағым келтіруге толық және заң жүзінде құқықтары бар екенін әр азамат біое бермейді. Сол жөнінде төмендегідей қысқаша түсіндірме беріп отырмыз.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 106-бабында, прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының яғни полиция органдары әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымдарды сотта қарауға болады.
Кез-келген азамат, құқыққорғау органдарының іс әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қанағаттанбаса, яғни өзіне қатысты қозғалып жатқан істе заңсыздықтардың немесе құқықтарыңыздың сақталмауы фактілері анықталған жағдайда, ҚР ҚПК-нің 106 бабына сай сотқа шағым келтіруге толық құқықтары бар.
Мысалы, қылмыстық істі жүргізіп жатқан тергеу және анықтау органдарының әрекеті (әрекетсіздігі) және шешімі тікелей қозғайтын тұлға қылмыстық құқық бұзушылық туралы, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуында, тергеп-тексеру мерзімдерін үзуде, қылмыстық істі тоқтатуда, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруда, тінтуді және (немесе) алуды жүргізуде, өзге де әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасауда және шешімдерді қабылдауда заңның бұзылуы туралы арызды қабылдаудан бас тартуға шағыммен сотқа жүгінуге құқылы.
Сот шағымды қараған кезде істегі бар дәлелдемелерге баға бермей, арыз иесі өз шағымында көрсеткен барлық мән-жайларды анықтаушының, тергеушінің, прокурордың тексергенін және ескергенін анықтап тиісті шешімін қабылдайды.
Азаматтардың білгені жөн, шағым қылмыстық процесті жүргізетін орган тұрған жердегі аудандық сотқа, тұлғаның келіспеген шешіммен танысқан күнінен бастап он бес тәулік ішінде не прокурордың өз атына берілген шағымды қанағаттандырудан бас тартатыны туралы хабарламасы алынғаннан кейін дәл сол мерзімде немесе, егер прокурорға берілген шағымға жауап алынбаған болса, шағым берілгеннен кейін он бес тәулік өткен күннен бастап берілуі мүмкін.
Полиция қызметкерінің әрекетсіздігі туралы шағымды қалай дұрыс жазу керектігі туралы Заң кеңесінің қорғаушыларына жүгінуге болады.
Құжат сонымен қатар келесі ақпаратты қамтуы керек, жағдайды егжей-тегжейлі сипаттау, өтініш берушінің талаптары, органның атауы, тексеруді бастаған тұлғаның мекенжайы, телефоны, полиция қызметкері бұзды деп ойлайтын заң нормалары, прокуратура органдарына полицияның әрекетсіздігі туралы шағым түссе, онда осы ұйымның орналасқан жері бойынша мекенжайын көрсету талап етіледі.
Шағымға заңсыздықтың фактісін растайтын құжаттар қоса берілуі тиіс.
Атап айтқанда, әр азамат өзін қорғайтын заңның бар екендігін білуі абзал, сол себептен осы тұрғыдағы ақпартты білгені жөн!

Б.Жамалбекұлы,
аудандық соттың судьясы

Таңдаулы материалдар

Close