Аудандық “Достық” мәдениет үйінде «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру аясында “Әділетті Қазақстан-Жаңа толқында” атты мектеп қабырғасындағы жас жайдарманшылар арасында жекпе-жек 1/4 жайдарман сайысы өтті.
Шараның мақсаты – оқушылардың арасында білімді, білікті, тапқыр, ұшқыр ойлы, өз ойын жақсы дәлелдей білетін азаматтарды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуге ықпал ету және адамгершілік, рухани және мәдени құндылықтары мен қажеттіліктерін дамыту. Сонымен қатар, бос уақыттарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру. Жас дарындыларды анықтап білу және қолдау, жайдарманшылардың өзара тәжірибе алмастыруына, оларды жаңа ұсыныстар мен идеялар қалыптастыруға баулу.
Жастардың ұтымды әзілі мен сахналық шеберлігін «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры Мейіржан Телеушов, Жуалы аудандық білім бөлімінің әдіскері Жібек Башаева, Нұрлыкент ауылдық округі мәдениет үйінің бас маманы, асаба, шоумен Ақжол Әліпбай, блогер, әнші Арнұр Мейрамбекұлы, «Қарасаз» құрамасының ойыншысы Данияр Қалыш сынға алып, лайықты бағасын берді.
Жекпе-жек 1/4 жайдарман сайысына 10 команда қатысып жекпе-жекке түсті.
Лайық деп табылған құрама командалар келесі айналымға жолдама алды.
Жанерке КЕҢЕСБЕК,
аудандық “Жастар ресурстық орталығының” қызметкері