Basty bet

Ұрпақ тәрбиесі – ұлтымыздың ортақ мүддесі

Өткен аптада Жамбыл облысындағы әскери бөлімшелерде «Ұрпақ тәрбиесі – ұлтымыздың ортақ мүддесі» атты тәрбиелік-идеологиялық шара өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жас сарбаздардың бойында отансүйгіштік, елжандылық, ұлттық құндылықтарға құрмет сезімдерін қалыптастыру болды.
Жиынға Жамбыл облыстық «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығы «Консультация беру және кешенді сүйемелдеу» бөлімінің басшысы Гүлнар Нарболдиева, Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Поляк этномәдени орталығының Аналар кеңесінің төрайымы Аракси Плетнева және Бауыржан Момышұлы шекара заставасы бастығының орынбасары, капитан Абылай Бағланұлы жас сарбаздармен кездесті.
Шара барысында қонақтар жас буынға өнегелі сөздерін айтып, тәуелсіз Қазақстанның болашағы – елін сүйген, салт-дәстүрін қастерлейтін, тәртіпті де жігерлі сарбаздар екендігін ерекше атап өтті. Әсіресе, аналар кеңесінің мүшелері отбасындағы тәлім-тәрбиенің маңызын, ұлттық рух пен адамгершілік қасиеттер сарбаздардың мінез-құлқы мен болашағына тигізетін әсерін кеңінен әңгімеледі.
«Көктем-2025» әскери бөлімінің жас сарбаздары өз өнерлерін көрсетіп, патриоттық әндер шырқап, жаттығу үлгілерін паш етті. Бұл шара сарбаздардың рухын көтеріп қана қоймай, олардың жүректеріне Отанға деген сүйіспеншілікті одан әрі ұялата түсті.
Кездесудің тәрбиелік мәні зор болды. Жас сарбаздар үшін ел қорғау – қасиетті борыш екендігі тағы бір мәрте айқындалды.
***
Жамбыл облысындағы әскери бөлімшелерде «Ұрпақ тәрбиесі – ұлтымыздың ортақ мүддесі» атты тәрбиелік-идеологиялық шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жас сарбаздардың рухани-адамгершілік құндылықтарын арттыру, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және ұлттық дәстүр мен отбасы құндылықтарын дәріптеу болды.
Жиынға Жамбыл облыстық «Анаға тағзым» Отбасын қолдау орталығының психологы Аида Назымбекова, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің аға оқытушысы, «ТарМУ Аналар кеңесінің» төрайымы Ардақ Жантаева арнайы шақырылды. Қонақтар сарбаздармен тәрбие, отбасы құндылығымен ұлттық дәстүрді сақтау және жас ұрпақты жауапкершілікке тәрбиелеу бағытында ой-пікірлерімен бөлісті.
Шара барысында лейтенант Асылжан Қалиев сарбаздардың тәрбие және идеология саласында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып, ұрпақ тәрбиесінің маңызын айрықша атап өтті. «Көктем-2025» жас сарбаздары өз ойларын ортаға салып, рухани байлық пен отансүйгіштікке негізделген әңгімелерді талқылады.
Бұл игі шара сарбаздардың бойында ұлттық рухты көтеріп қана қоймай, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезінуге жол ашты. Жастардың тәрбиесі – ел болашағының кепілі екендігі тағы да айқын дәлелденді.

Камила ӘБСЕМЕТова,
кітапханашы

Таңдаулы материалдар

Close