Basty bet

Газ орнатылған автокөліктердің өрт қауіпсіздігі

Автокөлікте болып жатқан өрттер соңғы уақытта өрт сөндірушілер үшін өзекті мәселеге айналды. Сырттан әкелінген шетелдік көліктер ұзақ жыл бойы қолданыста болғандықтан және электр сымдарының тозуы, сондай-ақ, дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзу салдарынан өртенуде. Автокөлікті ұзақ пайдалану және қолдан жасалған сақтандырғыштарды қолданудың нәтижесінде өрттің туындау ықтималдығы күшейеді.
Автокөлігіңізде өртті болдырмау үшін отты қолданғанда ұқыпты әрі абай болу керек. Ең бастысы – автокөліктің қозғалтқышын жөндеу кезінде өз күштеріңізге ғана сенбеңіздер. Газды пайдаланатын автокөліктер үлкен алаңдаушылық тудырады. Үнемділігі мен қоршаған ортаға келтіретін зиянының аздығымен қатар газ-баллон жабдықтарын пайдаланумен байланысты бірқатар проблема да бар. Мамандандырылмаған стансаларда сапасыз жабдықтарды орнату көбіне олардың істен шығуына, соның салдарынан жарылыс пен өрттің туындауына әкеп соқтырады. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін жабдыққа және оған кәсіби монтаждау жүргізу үшін стансаны таңдауда қаржыны үнемдеудің қажеті жоқ. Сондай-ақ, ГБЖ жабдықталған автомобильдер қызмет көрсетуде көп назар аударуды талап ететінін ұмытпаңыз.
Газбен жүретін автомобильдерді пайдалануға байланысты қауіпсіздікті арттыру мақсатында газ баллон жабдығымен жарақтандырылған автомобильдердің жабық тұрақтарға және паркингтерге кіруіне тыйым салатын белгіні белгілеуді көздейтін 12.4-026-2002 ҚР СТ ГОСТ Р 1-ге № 1 өзгерістер «Сигналдық түстер, қауіпсіздік белгілері және сигналдық белгілеулер. Жалпы техникалық шарттар және қолдану тәртібі» Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Стандарттаудың кейбір мәселелері туралы» 2002 жылғы 2 маусымдағы № 197-од бұйрығымен бекітіліп, 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Құрметті автокөлік иелері! Сіздің автокөлігіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қозғалтқыштың жарамдылығын үнемі бақылап отыру керек. Электр сымдарында ақаулықтар болса, май немесе бензин аққан жағдайда автомамандарға хабарласыңыз. Ең бастысы, сыйымдылығы 2 келіден кем емес ұнтақты немесе көмірқышқыл құрамды жарамды өрт сөндіргіші болуы керек.
Бахтияр Мағыртай,
аудандық ТЖ бөлімінің
аға инженері.
Ғ.Тулегенов
№7 ӨСБ-ның қарауыл
бастығы

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close