Basty bet

Сотқа дейінгі хаттама тараптарды татуластырды

Жуалы аудандық соты сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы қарыз соманы өндіріп алу туралы азаматтық іс бойынша дауды қарады. Іс құжаттарына сай талап қоюшы «А» АҚ және жауапкер О. арасында 2015 жылы банктік несиелік шарты жасалған. Ол бойынша жауапкер несие алып, уақтылы және толық төлеп қайтаруға міндеттенген.

Алайда, жауапкер банк алдындағы төлемдерді уақтылы жүргізіп отыру туралы міндеттемелерді орындамаған, осылайша мерзімі өткен қарызды жабу туралы талаптарға жауап бермеген.
Берешекті талап ету құқығын «U» коллекторлық агенттігі» ЖШС-не беру кезінде жауапкердің қарыз сомасы 503 369 теңгені құраған.
Өзінің талап-арызында талап қоюшы соттан жауапкерден 503 369 теңге қарыз сомасын және 15 102 теңге мемлекеттік бажды өндіріп беруді сұрады.
Істі сотқа дайындау барысында татуластырушы судьямен тараптар сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуластыру рәсіміне қатысуға шақырылып, дауды бейбіт жолмен шешудің жолдары түсіндірілді.
Нәтижесінде тараптармен медиациялық келісім жасасып, соған сәйкес талап қоюшы жауапкердің материалдық жағдайын ескере отырып, оған берешек қарызды 2023 жылдың 30 қарашасына дейін бөліп төлеуіне мүмкіндік берген.
Сот ұйғарымымен дауды реттеу туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.

Абылайхан СӘРСЕН,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close