Basty bet

Мамандар марапатталды

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында 15 қараша – Ұлттық валюта және Қаржы саласының қызметкерлері күні аталып өтті.
Бұл мереке еліміздің экономикалық тәуелсіздігінің нышаны болып табылатын теңгеміздің тарихына құрмет көрсетумен қатар, ауданның қаржы саласына сүбелі үлес қосып жүрген мамандарды марапаттауға бағытталды.
Жиынға аудан әкімдігі, мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелер мен бөлім басшылары, қаржы саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.
Мерекелік іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Қайрат Жатқанбаев ашып, сала қызметкерлерін мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде теңгенің ел экономикасын қалыптастырудағы тарихи рөлін атап өтіп, ауданның қаржы жүйесін дамытуда еңбек етіп жүрген қызметкерлердің жауапкершілігі ерекше екенін айтты.
Шара барысында қаржы саласында ұзақ жылдар қызмет етіп, адал еңбегімен көзге түскен бірқатар маманға Құрмет грамоталары мен Алғысхат табысталды.
Жиында қаржы саласының тарихы, теңгенің енгізілу кезеңдері және оның қазіргі даму динамикасы туралы баяндама жасалды. Одан бөлек, қатысушылар ұлттық валютаның ел болашағындағы маңызын атап өтіп, мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын сақтауға бағытталған жұмыстардың жалғасатынына сенім білдірді.

Баян Тұрсынқұлқызы,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close