Basty bet
Ауызсудың сапасы
Ауызсу деп – иісі , дәмі, мөлдірлігі және химиялық құрамы адам организмі үшін қауіпсіз болып табылатын табиғи суды айтады.
Адам денсаулығы ауызсудың сапасына тікелей тәуелді. Осыған байланысты ауызсуға мемлекеттік санитариялық талаптар қойылады.
Ауызсудың сапасы түрлі аурулардан сақтайды, ауызсуда фтордың мөлшерден төмен болуы флюороз және кариес, темірдің, кобальт пен мыстың жетіспеуі – анемия, бордың аз болуы асқазан және никельдің кем болуы көз ауруларына шалдықтырады.
Сондай-ақ нитраттар мен нитриттердің мөлшеріне 1 литр судағы ішек таяқшаларының саны бойынша талаптар қойылады. Қайсыбір элементтері жоқ яғни дистелденген, тұзсыздандырылған, минералсызданған су адам ағзасына пайда әкелмейтін, тіпті, денсаулықты нашарлататын өлі су. Ол тірі ағзаның теңгерімсізденуіне әкеп соғады.
Су тіршілік көзі. Онсыз өмірді елестету қиын. Тіпті, адам денесінің 70 пайыздан астамы судан тұратынын ескерсек, судың сапасы денсаулыққа әсер етпей қоймайды. Су арқылы жұғатын жұқпалы аурулардың бүкіл әлемде таралуы мүмкін. Сумен таралатын жұқпалы ауруларға А, В паратифтер, дизентерия, түрлі энтериттер, мәселен энтероколиттер.
Жұқпалы аурулардың таралуының алдын алуда жалпы мемлекеттік санитарлық-гигиеналық шаралар маңызды рөл атқарады. Ауызсу сапасын зертханалық зерттеулермен тұрақты бақылау, сумен жабдықтау объектілерін дезинфекциялау жүргізіледі. Ішек жұқпалы аурулардың алдын алу үшін ауылдық жерлерде құдықтан 20 метр жақын радиуста кір жууға, машина, әртүрлі заттарды жууға жол берілмейді. Құдыққа бес метр аралығында жақын маңдағы аумақ қоршалады.
Сумен жабдықтау көздерінің санитарлық қорғау аумағында зираттарды, мал өлексесін көметін орындарды, ассенизациялай өрісі, сүзілу өрісі, көң қоймалар, сүрлеме орлар, мал шаруашылығы, құс өсіретін шаруашылық субъектілері, жер асты суларының микробтық, химиялық ластану қауіпіне себепші болатын объектілерді орналастыруға, тыңайтқыш және улы химикаттарды қолдануға және басқада объектілерді орналастыруға жол берілмейді.
Бүгінгі күні судың сапасына қатысты талаптар қатаң жолға қойылып, пайдаланып отырған судың таза әрі зиянсыз екендігіне кепілдік беруге бағытталып отыр.
Гаухар БайдӘулетова,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
қызмет дәрігері