Basty bet

Бексұлтан Боранбек – әлем чемпионы!

Бокстан Будва (Черногория) қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Бексұлтан Боранбек алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
51 келі салмақта өнер көрсеткен Бексұлтан Боранбек финалда колумбиялық Джастин Мореноны жеңіп, чемпион атанды.
Әлемдік додада Бексұлтан Зимбабве, Молдова, Ресей, Иран боксшыларынан басым түсті.
Жуалылық Бексұлтан Боранбек Сұрым ауылында өмірге келген. №17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің түлегі. Әлем чемпионының бапкері жуалылық – Нұралы Бүйенбаев.
Жеңіс құтты болсын, құрметті жерлестер!
Бексұлтан Боранбектің спорттағы жетістігі мен Будва қаласындағы жеңісі туралы мақаланы газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

“Жаңа өмір”-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close