Basty bet

Контрабандалық темекі өнімін сатқаны үшін

Жуалы аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 283-б. 2-б., (Акцизделетін өнімнің айналымы) бойынша Ю.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотпен анықталғандай, мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен жеке кәсіпкер азаматша Ю. шағын дүкенін тексеру барысында, акциздік маркасы жоқ «ORIS», «Mondeo» маркалы – 133 қорап темекі өнімдері анықталған. Аталған темекі бұйымдары түрінде акцизделетін тауарларды акцизделетін маркасыз ілеспе құжатсыз тасымалдап, сақтап, сатқан.
Cот отырысында құқықбұзушы өз кінәсін толық мойындап, соттан қатаң жазаламауды сұрады.
Құқықбұзушының отбасылық және материалдық жағдайын ескере отырып сот айыппұл сомасын 30%-ға қысқартты.
Сот қаулысымен Ю. кінәлі деп танылып, оған ӘҚБтК-нің 283-б. 2-б. бойынша 412 мың теңгеден аса әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалып, темекі өнімдері мемлекет кірісіне тәркіленді.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Лаура Мұсабекова,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close