Basty bet
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу барысинда әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын автокөліктерде пайдалану мәселесі кеңінен талқыланды
Атап айтқанда, автокөлик сыртына Мемлекеттик Туды илген азаматтарды жол-патрульдик полиция қызметкерлері түрлі себептермен тоқтатқаны жөнінде ақпараттар жарияланды.
Айта Кетейик, Мемлекеттік туды көликке орналастырған азамат әкімшилік жауапкершіликке тартылмайды. 
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрігі мен аймақтық полиции департаменттерінің түсіндіруінше, 16қсанда көлік жүргізушілері тек жол қозғалысы ережелерін бұзған жағдайда ғана тоқтатылған.
Мемлекеттік рәміздерді қолданудың заңмен белгіленген ережелері бар. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлигі олардың дұрыс қолдану тәртібін қадағалайды. Біз азаматтардың патриотық сезімин білдіру, қазақстандық бірегейлікти сақтау, ел мен азаматтардың жетістіктерін насихаттау мақсатында мемлекеттік рәміздерді пайдалануды қолдаймыз, бірақ ол қолданыстағы заңнама шеңберінде жүзеге асуы тиіс.
Қазақстанда «Заң және тәртіп» қағидасы түрлі жағдайлар мен азаматтық белсенділікке қарамастан, барлығына бірдей.
