Basty bet

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту

Аграрлық саланың жұмысын алға бастыру маңызды

Ауыл шаруашылығы саласындағы агроөнеркәсіп кешенін дамыту – маңызды міндет. 28 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды дамыту, цифрлық технологияны енгізу, энергетиканы дамыту ісімен қатар, агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыру мәселесіне де баса назар аударылды.

Президенттің тапсырмасында нақты тоқталатын болсам: «Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыру қажет. Былтыр экономиканың басқа салаларына қарағанда ауыл шаруашылығы даму қарқыны бойынша алға шықты.

Бұған көктемгі егіс науқанына берілетін арзан несие көлемін едәуір арттырудың арқасында қол жеткіздік. Биыл осы науқанға кемінде 700 миллиард теңге бөлу керек. Арзан несиені малшыларға және ауыл шаруашылығы өнімін өңдеушілерге берген жөн. Тиімділігі төмен субсидиялау тәсілінен жеңілдікпен несие беру тәсіліне көшу қажет. Мен бұл мәселе жөнінде осыған дейін де айттым. Осы міндетті орындау керек» деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Асыраушы саланың әлеуетін арттыру, агроөнеркәсіп кешенін жаңа заман ағымына сай дамыту міндеті күн тәртібінен түспейді. Аграрлық саланың жұмысын алға бастыруға Жуалы ауданының да әлеуеті толық жетеді.

2024 жылы агроөнеркәсіп кешенін дамыту ісінде жуалылық шаруалардың тарапынан маңызды жұмыстар атқарылып, соның нәтижесінде, есепті мерзімде жергілікті шаруалар мол астық жинап, мол өнімге кенелді. Өңірде төрт түліктің де басы артып, ауыл шаруашылығындағы техника паркі жыл санап жаңарып келеді. Былтыр жауапты науқанның барысында ораққа түскен масақты және майлы дақылдардың егістік алқабымен қатар, күзгі жиын-терін кезінде өнімі жинап алынған алқаптардың көлемі – 64 мың гектардан асып жығылды. Оның ішінде, күздік бидай, жаздық арпа, дәндік, сүрлемдік жүгері және картоп, т.б. дақылдар бар. Түсім де жылдағыдан молырақ болды. Айта кетсем, былтыр өңір шаруалары ауыл шаруашылығына қажетті барлығы 171 жаңа техника сатып алып, техника паркін біршама жаңартты. Биыл 104 жаңа техника сатып алынбақ.

Аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 216 306 гектарды құраса, оның ішінде – 95 449 гектары егістік, (жалпы суармалы егістігі -8 460 га.) шабындық – 2 046 гектар,  жайылым – 109 439 гектар, көп жылдық екпелер – 265 гектар, басқа да жерлер – 2 128 гектар.

2024 жылға межеленген көктемгі дала жұмыстарының барысына тоқталатын болсақ, былтыр аудан шаруалары барлығы – 64 081 гектар алқапқа егістік түрлерін егіп, оның ішінде, жаздық арпа -28 094 гектарға, күздік бидай -10 233, майлы дақылдар -17 887,1, көпжылдық шөп алқабы -4 725, картоп -1 871, көкөніс -629,9, бақша дақылдары -11, дәндік жүгері -129, сүрлемдік жүгері -501 гектарға егіліп, бапталды.

Былтыр 12 айдың қорытындысымен  ауыл шаруашылығы саласында нақты көлем индексі (НКИ) – 46 260,7 млн теңге (101,5 %); Өсімдік шаруашылығы – 24 302,5 млн теңге (101,6 %); Мал шаруашылығы – 21 888,5 млн теңге, 101,3 %-ды құрады. Сонымен қатар,

мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру: Тауық жұмыртқасы – 7742,2 мың дана; Сиыр сүті – 31,7 мың тонна және өндірілген еттің көлемі – 12,6 мың тоннаны құрады.

2025 жылы атқарылатын жұмыстарға келсем, биылғы жылдың өнімі үшін 9 700 га күздік бидай егу жоспарланып, оның нақты орындалғаны 10 300 гектар. Қажетті тұқым көлемі 1 750 тоннаны құрап, толығымен қамтылды. Жоғары сұрыпты 42,4 тонна тұқым «Қазақ зерттеу институты» ЖШС-нан сатып алынды. Оның 33,4 тоннасы «Стекловидная-24» элита және 9 тоннасы «Егемен» 1-репродукция тұқымдары.

Ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті агроөнеркәсіп кешенінің жұмысын дамыту ісі жалғаса беретін болады.

Жалғас МҰРТАЗА,

Жуалы ауданының әкімі.

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close