Basty bet
Жамбыл облысында жас ұрпақ арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда
Жуалы ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен Жуалы ауданында орналасқан №1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп гимназиясында «Болашақ прокурор кеңістігі» прокурорлық бұрышы салтанатты түрде ашылды.
Жоба мектеп оқушыларына бағытталған және заңға құрмет, азаматтық жауапкершілік, патриотизм және саналы құқықтық мінез-құлықты қалыптастыруға арналған.
Іс-шараға аудан прокурорының міндетін атқарушы Асылхан Еркінұлы, аудандық Білім бөлімінің өкілдері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейтхан Жұмашев қатысты.
Жоба аясында оқушылар үшін алдағы уақытта прокуратура органдарының қызметкерлерімен тұрақты кездесулер, тақырыптық дәрістер және құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған шаралар ұйымдастырылатын болады.