Basty bet

Менің сүйікті газетім!

85 жылдық тарихы бар «Жаңа өмір» газеті баршамыздың сүйікті басылымымыз. Айтулы газет бір ғасырға жуық уақыттың ішінде Жуалы ауданының шежіресіне айналды.
Басылым ауданның экономикасы, әлеуметтік жағдайы, мәдениеті туралы үнемі жазып, шығармашылық биіктен көріне білуде. «Жаңа өмірде» бір ауданның ғана емес, бүкіл Қазақстанның мақтанышы, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының, көрнекті публицист Құрманбек Сағындықовтың, ақиық жазушы Шерхан Мұртазаның қолтаңбасы қалды. Аудандық газет шын мәнінде қазақ журналистикасының ұстаханасына айналды. Бүгінде облыстық, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында осы басылымнан түлеп ұшқан көптеген журналистер, ақын-жазушылар еңбек етеді.
Иә, «Жаңа өмір»- ауданның айнасы, жақсылық пен ізгіліктің, жаңалықтың жаршысы! Бәріңізді өзіміздің төл басылымымыз- «Жаңа өмірге» жазылуға шақырамын!

Доқтырхан Тұрлыбек,
жазушы-режиссер,
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты,
Алматы қаласы

Таңдаулы материалдар

Close