Basty bet

Мемлекеттік кірістер басқармасы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық кодексіне енгізілген өзгерістер туралы хабарлайды

2025 жылғы 14 қарашадағы №970 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен арнайы салық режимін оңайлатылған декларация негізінде қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесі бекітілді.
Аталған Тізбенің 16-тармағында тек сауда нарықтарына, І және ІІ санаттағы стационарлық сауда объектілеріне, сондай-ақ олардың аумағындағы сауда орындарына, сауда объектілеріне және қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қатысты сауда объектілерін қосалқы жалға (субарендаға) беру қызметіне тыйым салу қарастырылған.
Сонымен қатар, егер салық төлеуші өзіне тиесілі сауда жылжымайтын мүлкін, сондай-ақ оның аумағындағы сауда орындарын (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші 68204) басқару және жалға беру қызметін жүзеге асырса, мұндай салық төлеуші оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдануға құқылы.
Салық төлеушілер І және ІІ санаттағы сауда объектілеріне жатпайтын сауда жылжымайтын мүлкін, сондай-ақ оның аумағындағы сауда орындарын (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші 68205) қосалқы жалға (субарендаға) беру қызметін жүзеге асырған жағдайда, олар да оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдана алады.
Қосымша сұрақтар бойынша кеңес алу орны: Жуалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ғимараты.
Мекен-жайы: Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы Парасат көшесі №1А.
Байланыс телефондары: 8 (726-35) 2-18-71, 8 (726-35) 5-07-76, 8 (726-35) 2-12-93

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close