Basty bet

Аудан әкімі Жалғас Мұртаза Жаңа заң жобасын түсіндіру мақсатында «Қазпошта» мекемесінің ұжымымен актив кеңесін өткізді.

Кездесу барысында Жаңа заң жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтары кеңінен баяндалып, оның ел дамуына қосар үлесі түсіндірілді. Әсіресе, заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жиын ашық форматта өтіп, мекеме қызметкерлері өз пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Аудан әкімі референдумның маңыздылығына тоқталып, әрбір азаматтың белсенділігі ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтті.

Мұндай ақпараттық-түсіндіру кездесулері қоғамда құқықтық мәдениетті арттырып, маңызды саяси науқандарға саналы түрде қатысуға жол ашады.

Таңдаулы материалдар

Close