Боралдай ауылдық округінің әкімі Б.Абдалиев пен округтің ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Байболов ауыл тұрғындарымен мазмұнды кездесу өткізді.
Кездесудің басты мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын жан-жақты түсіндіру, енгізіліп отырған өзгерістердің мәні мен маңызын тұрғындарға кеңінен жеткізу болды.
Жиын барысында Конституция жобасында көзделген негізгі бағыттарға ерекше тоқталды. Атап айтқанда:
▪️ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту;
▪️ әлеуметтік кепілдіктерді нығайту;
▪️ білім беру саласын дамытуға бағытталған нормалар;
▪️ заң үстемдігін қамтамасыз ету және мемлекеттік басқарудағы ашықтықты арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары өз пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Ашық форматта өткен жиын ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың белсенділігін көрсетті.
Мұндай кездесулер – қоғам мен билік арасындағы өзара сенімді нығайтып, маңызды реформаларды түсіндіруде үлкен маңызға ие.