Basty bet
Азаматтық белсенділік: референдумға неге қатысу керек?
Саяси сарапшылардың пікірінше, Конституция референдумына қатысу — әрбір азаматтың конституциялық құқығы ғана емес, сонымен бірге қоғамның болашағын қалыптастырудағы жауапкершілігі. 15 наурыз күні өтетін референдумда дауыс беруге келген әр адам елдің негізгі заңына тікелей әсер етеді.
Референдум туралы ақпараттық материалдар, түсіндіру науқандары, сұрақ-жауап сессиялары қоғамдық кеңістікте белсенді жарияланып жатыр. Көптеген азаматтар бұл шараны елдегі заң үстемдігін күшейтуге бағытталған күрделі әрі маңызды қадам ретінде қарастырады.