Basty bet

Мазмұны терең кітап көрмесі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Шекара қызметінің Жамбыл ауданы бойынша басқармасы мен Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапхананың бірлесіп ұйымдастыруымен «Желтоқсан қаһармандары» атты мазмұнды кітап көрмесі өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Желтоқсан оқиғасының тарихын жас ұрпаққа дәріптеу, ел тәуелсіздігі жолында күрескен қазақ жастарының ерлігін ұлықтау және ұлттық сананы қалыптастыру.
Көрме барысында кітапхана қызметкерлері көрмеге қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасап, әрбір кітаптың мазмұны мен тарихи маңызы туралы кеңінен түсіндірді. Шолу кезінде қатысушылар Желтоқсан оқиғасының жаңғырығы, егемендікке апарған күрес жолы, қазақ жастарының қайсарлығы мен бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы туралы құнды ақпарат алды.
Сондай-ақ, Шекара қызметінің ел тәуелсіздігін қорғаудағы рөлі ерекше атап өтілді. Шекара сақшылары – мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігінің негізгі тірегі екені айтылып, олардың қызметіне құрмет көрсетілді.
Көрме қонақтары мен әскери қызметкерлер ел тарихына тың көзқараспен қарап, Желтоқсан қаһармандарының ерлік жолына тағзым етті. Іс-шара рухани мазмұнға толы және тәрбиелік мәні зор болды.

Камила Абсеметова,
кітапханашы

Таңдаулы материалдар

Close