Basty bet
Киберқылмыс қаупіне қарсы күрес
Бүгінгі таңдағы цифрландыру және жасанды интелект адамзат өркениетінің барлық саласында әсер етіп отыр. Жаңа технологиялар қоғамға бұрын соңды болмаған мүмкіндіктер берумен қатар, қылмыстық саясат үшін де жаңа сын-қатерлер әкеліп отыр.
Бұл құқықтық саясатты жетілдіруде цифрлық қауіпсіздіктің, жасанды интеллектті жаппай енгізудің басымдыққа айналғанын меңзеп тұр.
Жасанды иинтеллект дəуірінде киберқылмыстар, цифрлық алаяқтық, криптовалютаны заңсыз пайдалану, deepfake арқылы жалған ақпарат тарату сынды жаңа қылмыс түрлеріне Қазақстанның қылмыстық саясатының дайын болуы қажеттігімен түсіндіріледі.
Жасанды интеллекттің қарқынды дамуы қылмыстық саясаттың мазмұнын түбегейлі өзгертуімен қатар, жаңа қылмыс түрлерінің пайда болуына да ықпал етуде. Осыған байланысты жасанды интеллект дəуіріндегі қылмыстың жаңа формаларына талдау жасау қажеттігі туындап отыр. Ең алдымен, киберқылмыстардың кеңеюі ерекше назар аудартады.
Көш бастап тұрған – киберқылмыс. Ол көзге көрінбейтін қауіп. Біреудің əмиянын тартып алу үшін қылмыскер бұрын көшеде жүруі керек еді.
Қазір оған сыртқа шығудың қажеті жоқ – интернет жетеді. Киберқылмыстың 70%-ы интернет-банкинг, онлайн төлем жəне сатып алуға байланысты алаяқтықтар болып отыр.
Мысалы айта кетсек, монтаждалған видео бизнесмен немесе қарапайым азаматтың атын жамандыққа қоспасына кім кепіл!? Deepfake – ақпараттық қару болып отыр. Ол саяси тұрақтылыққа, жеке тұлғалардың абыройына, ұлттық қауіпсіздікке тікелей соққы бола алады.
Келесі мəселе ол криптовалюта жəне «көрінбейтін ақшалар». Бүгінде қара нарық та цифрланды. Криптовалюта – еркін, бақылауы əлсіз, транзакциясы жасырын ақша.
Қазақстан заңында «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны жылыстату» туралы норма бар (ҚК 218-бабы), бірақ криптоактивтермен жасалатын қылмыстардың жаңа үлгілері күннен-күнге көбейіп келеді.
Негізгі мәселе заң технологиядан қалып қойды Қылмыскердің əдісі өзгерді, ал заң əлі бұрынғы форматына сүйенеді. ҚК-де киберқылмысқа қатысты баптар бар, бірақ Жасанды Интелект арқылы жасалатын жаңа типтегі құқық бұзушылықтар əлі толық анықтамаға ие емес.
Жасанды интеллектке қарсы тұру мүмкін емес. Бірақ, оны құқықтық, этикалық және ұлттық қауіпсіздік мүддесімен үйлестіре қолдануға болады. Мəселен, жаңа қылмыс түрлеріне арнайы бап енгізу, электрондық дəлелдеме ұғымын заңда нақтылау, ЖИ-полиция, Smart City жүйелерін дамыта отырып азамат құқығын қорғау, Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мен халықаралық тəжірибе, Қазақстанның қылмыстық саясаты технологияға қарсы емес – оны басқара алатын жүйеге айналуы тиіс.
Қазақстан үшін негізгі міндет технологиялық мүмкіндіктер мен азаматтардың конституциялық құқықтары арасындағы тепе-теңдікті сақтау. Қазақстанның қылмыстық саясаты технологиялық даму мен құқықтық мемлекеттің қағидаттарын үйлестіре отырып, қоғамды жаңа қауіп-қатерлерден қорғауға бағыттау қажет.
Дулат Досыбайлы,
аудандық сот әкімшісінің
бас маманы