Basty bet

ЖАҢА ТЕХНОПАРК – БАЛАЛАРДЫҢ СҮЙІКТІ ОРНЫ

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Н.Календеров мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық «Жамбыл дарыны» орталығындағы технопарктің жұмысымен танысты.
Баланың логикалық ойлау жүйесін ерте жастан дамыту мақсатында ашылған заманауи орталықта балалар үшін ІТ-ROOM бағдарламалау, MAKERLAB 3D модельдеу және ІТ-зертхана робототехника бағытында жұмыс істейді. Технопарк 3D принтерлермен, арнайы жиһаздармен, заманауи компьютерлік және мультимедиялық құралдармен, робот конструкторларымен жабдықталған.
Онда Тараз қаласының 35 және Жамбыл ауданының 3 мектебінен 112 бала білім алуда. Оқушылар жаңа жабдықтарда жұмыс істеуді үйренеді, инженерлік мамандықтың және ғылыми-техникалық жаңа білімдері мен біліктіліктерін алып, сертификаттар табысталады.
Технопарктің оқу бағдарламасы 3 жылға есептелген: бағдарламалау, 3D модельдеу, робототехника. Мұнда балалар бағдарламалаудың, web-дизайн, компьютерлік графика, модельдеудің қыр-сырын меңгеріп, тәжірибелік инженерлік және құрастырушы біліктіліктерін қалыптастырады.
Алдағы уақытта, оқушылардың ғылыми зерттеушілік жұмыстарына бағыт-бағдар беру мақсатында жоғарғы оқу орындарымен және өндірістік мекемелерімен серіктестік орнату жоспарлануда.

Таңдаулы материалдар

Close