
Жуалы ауданында орналасқан Ақсуат және Б.Момышұлы шекара заставаларының әскери қызметшілері де ел болашағына бей-жай қарамай, референдумда өз таңдауларын жасады.
Ел тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетіп жүрген шекарашылар азаматтық борыштарын да абыроймен орындап, дауыс беруге арнайы келді. Олардың бұл қадамы – Отан алдындағы жауапкершіліктің, елге деген адалдықтың айқын көрінісі.
Шекарада қызмет етіп жүрсе де, ел тағдырына қатысты маңызды саяси науқаннан шет қалмай, белсенділік танытқан әскери қызметшілер көпшілікке үлгі болды.
Ел шебін күзеткен ерлердің таңдауы – ел болашағына деген сенімнің белгісі.