
Ауданға қарасты Көктөбе ауылындағы Көктөбе орта мектебінде орналасқан 204-ші учаскелік референдум комиссиясында дауыс беру қалыпты өтіп жатыр.
Комиссияға қарасты – Көктөбе және Қосбөлтек ауылдарындағы 5 көшедегі сайлаушылардың жалпы саны – 928 адамды құрайды. 18 бен 35 жас аралығындағы жас сайлаушылардың қатарында – 308 адам бар. Ал алғаш дауыс беру құқығына ие 9 азамат тіркелген. Түске дейін оның 6-ы учаскелік референдум комиссиясына келіп, өз таңдауларын жасап үлгерді. Тиісінше, оларға естелік сыйлықтар табыс етілді.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциян қабылдауға арналған референдумда таңдау жасаушылардың арасында ардагерлер, қариялар мен орта жастағы сайлаушылар да бар.
Ел болашағы жолындағы елдік міндеттерді ұйымшылдықпен атқару – ортақ міндетіміз!