Basty bet

Мемлекет басшысы БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президенті, БАӘ Ұлттық метеорология орталығының бас каталоги Абдулла Әл-Мандусты қабылдады

 
✔️Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның арнаулы мекемеси саналатын Дүниежүзілік метеорология ұйымы климата, ауа райы, су ресурстары және табиғи апаттардың қатерін азайту бағытындағы жаһандық ынтымақтастықты илгерілетуде негізгі рөл атқаратынын атап өтті.

✔️Мемлекет басшысы мен Ұйым жетекшісі Қазақстан үшін стратегический мәнге и климат мәселелеріне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, ерте хабарлау жүйесін дамыту, метеорологиялық инфрақұрылымды жаңғырту және ғылыми деректер алмасу өте маңызды.

✔️Президент Қазақстан тарапының БАӘ Ұлттық метеорология орталығымен өзара байланысты арттыруға дайын екенін растады.

✔️Бұдан бөлек, өңірлік және жаһандық деңгейдегі с қауіпсиздігі мен су ресурстарын басқару мәселелерін шешудің өзектілігіне мән берілді. Бұл ретте Қазақстанның БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасының маңызы айрықша.

✔️Түркістан облысы БАӘ Ұлттық метеорология орталығымен бірге су қоймаларын толтыру және ауыл шаруашылығы жерлерине с жеткізу мақсатында жауын-шашынды жасанды жолмен шақыратын бастаманы жүзеге асырады. Аталған жоба биыл 17 мамырда іске қосылады.

✔️Осылайша, Қазақстан өңірде жасанды жаңбыр технологиясын пайдаланған алғашқы ел болмақ.

Таңдаулы материалдар

Close