Basty bet

Егін алқаптарындағы өрт қауіпсіздігін сақтау талаптары

 

Егін алқаптарындағы өрт қауіпсіздігі талаптары Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі қағидаларымен реттеледі. Негізгі талаптар:

– Егістік алқаптарын жолақтарға бөліп жырту және өрттің таралуына қарсы минералданған жолақтар жасау.

– Егін жинау техникасын (комбайн, трактор және т.б.) жарамды ұшқын сөндіргіштермен және өрт сөндіргіштермен жабдықтау.

– Егістікте және оның маңында ашық от жағуға, қоқыс пен сабанды өртеуге жол бермеу.

– Темекі шегуді тек арнайы бөлінген орындарда жүзеге асыру.

– Техниканың қозғалтқыштары мен жанармай жүйелерін тұрақты тексеру.

– Өрт сөндіру құралдарын (су, құм, күрек, өрт сөндіргіштер) дайын ұстау.

– Құрғақ шөп пен жанғыш қалдықтарды уақытылы тазалау.

Өрт қауіпсіздігін сақтамағаны үшін айыппұл

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410-бабына сәйкес өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу үшін:

Құқық бұзушы Бірінші рет
Жеке тұлға 5 АЕК айыппұл
Лауазымды тұлға, шағын кәсіпкерлік субьектісі 15 АЕК айыппұл
Орта кәсіпкерлік субьектісі 25 АЕК айыппұл
Ірі кәсіпкерлік субьектісі 50 АЕК айыппұл

Өрт қауіпсіздігі қайта бұзылған жағдайда

Құқық бұзушы Айыппұл
Жеке тұлға 10 АЕК айыппұл
Лауазымды тұлға, шағын кәсіпкерлік субьектісі 20 АЕК айыппұл
Орта кәсіпкерлік субьектісі 30 АЕК айыппұл
Ірі кәсіпкерлік субьектісі 100 АЕК айыппұл

 

Сонымен қатар, рұқсат етілмеген жерде от жағу алғаш рет анықталса ескерту беріледі, ал қайталанса 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. 2026 жылғы есеп бойынша бұл шамамен 21 625 теңгені құрайды.

Егер өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан ірі материалдық шығын келтірілсе, адам жарақаттанса немесе өрттің таралуы орын алса, әкімшілік жауапкершіліктен бөлек қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

 

Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close