Basty bet
Балалардың отпен ойнауы қауіпті
Отпен ойнап, опық жеген балаларды көргенде, өрт қауіпсіздігі туралы сөз қозғамасқа болмайды. Әсіресе, қазіргі қызықты демалыс күндері емін-еркін ойнап-күліп, өз билігі өзіне берілген бүлдіршіндердің тентектігінен де, білместігінен де тілсіз жау қайда деме, іргемізде деп аса абай болған жөн.
Жас балаларды үйде бақылаусыз тастауға болмайды. Олардың отпен ойнауына ата-аналар тарапынан қатаң тиым салынуы керек.
Сондықтан да мұндай жағдайда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға ерекше көңіл бөлінуі шарт. Бұл да балалардың өмір қауіпсіздігінің басты бір кепілі болып табылады.
Өрт қауіпсідігі туралы ойын баласына түсінік-тәрбие жұмысы да, демалыс орын территориясының тазалығы да назардан тыс қалмауы және бұл іске, әрине, ең бірінші кезекте басшылар мен тиісті мамандар жауап берулері керек. Барлық территория және жақын аймақ тез жанатын бөгде қалдықтардан таза болғаны абзал. Алғашқы өрт сөндіретін құралдар сақадай-сай болып, оларды басқа мақсатқа пайдалануға тыйым салынады. Жауапты адамдарды тағайындап олар жиі-жиі тексерулер өткізіп тұрулары қажет.
Бірақ, бала ісі – шала демекші, балардың ойынынан зардап шекпесіміз үшін, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзбай, оны сақтау баршамыздың ортақ ісіміз болуы тиіс.