Basty bet

Саламатты өмір салтын насихаттаған отбасылық сайыс

Аудандық Жастар ресурстық орталығы мен Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының ұйымдастыруымен «Отан – отбасынан басталады» атты отбасылық толағай сайысы өтті. Шараға әртүрлі ауылдық округтерден келген отбасылар қатысып, өзара бақ сынасты.
Спорттық шараның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, саламатты өмір салтын қалыптастыру және отбасылар арасындағы ынтымақтастықты арттыру. Сонымен қатар, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайтып, ұйымшылдық пен бірлікті дамыту көзделді.
Сайысты аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Сәбит Қадыров ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Аталған сайыс төрт кезеңнен тұрды. Әр кезеңде қатысушылар өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын, ауызбіршілігін көрсетті. Нәтижесінде сайыс тартысты әрі қызықты өтті.
Жарыс қорытындысында Боралдай ауылдық округінен келген Нышанбаевтар отбасы I орынды жеңіп алды. Ал, Б.Момышұлы ауылынан келген Райымбековтер отбасы II орынды иеленсе, Ақтөбе ауылдық округінен қатысқан Ералиевтер отбасы III орынға тұрақтады.
Жеңімпаз отбасылар арнайы Дипломмен және Алғысхаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтар мен медальдар табысталды.
Аталған шараға қатысушылар ерекше әсер сыйлап, отбасылық құндылықтарды нығайтуға өз үлесін қосты.
Аяжан ҚАЗЫБЕК,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close