Basty bet

«E-SALYQ BUSINESS» жаңартылды!

ҚР ҚМ МКК «E-Salyq Business» мобильді қосымшасын жаңа Салық кодексіне сәйкес жаңартты.
Енді дара кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар негізгі салық рәсімдерін тікелей смартфон арқылы – кезексіз, қағаз құжатсыз және мемлекеттік органдарға бармай-ақ орындай алады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін
Енді бәрі оңай:
-дара кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ;
-салықтық есептілік тапсырылмайды;
-әрбір алынған табыс бойынша қосымшада чек қалыптастыру жеткілікті.
Әр айдың қорытындысы бойынша қосымша автоматты түрде:
-кірістер тізілімін қалыптастырады;
-әлеуметтік төлемдерді есептейді.
Төлемдер банктік қосымша арқылы 4% бірыңғай мөлшерлемемен жүргізіледі. Оның құрамына:
-міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) — 1%;
-міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары (МӘМС) — 1%;
-әлеуметтік аударымдар (ӘА) — 1%;
-жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) — 1% кіреді.
Дара кәсіпкерлер үшін
-«E-Salyq Business» қосымшасы арқылы:
-дара кәсіпкер ретінде тіркелуге;
-арнаулы салық режимін таңдауға;
-чектер қалыптастырып, кірістерді есепке алуға;
-910.00-нысан бойынша салық декларациясын тапсыруға болады.
Барлық қызметтер онлайн форматта – мемлекеттік органдарға бармай-ақ қолжетімді.
Қосымшаны жаңартудың мақсаты – салық міндеттемелерін орындауды жеңілдету, қағаз құжат айналымын қысқарту және мемлекеттік қызметтердің электрондық форматтағы қолжетімділігін кеңейту.
Арнаулы салық режимдерін қолдану шарттары туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 16-бөлімінде берілген.

Таңдаулы материалдар

Close