Basty bet

Әскер – ерлік пен батылдықтың мектебі

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері – еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғайтын айбынды күш. Биыл Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылғанына 34 жыл толып отыр. Бұл – мемлекетіміз үшін маңызды әрі мерейлі мереке.
1992 жылғы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері ресми түрде құрылды. Осы күннен бастап еліміздің сарбаздары Отанымыздың шекарасын қорғап, халықтың бейбіт өмірін қамтамасыз етіп келеді. Сондықтан 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні ретінде аталып өтеді.
Әскер – ерлік пен батылдықтың мектебі. Нағыз сарбаз тәртіпті, төзімді және жауапкершілігі жоғары болады. Біздің батыр аталарымыз елін жаудан қорғап, кейінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйлады. Бүгінгі әскери қызметкерлер сол ерліктің жолын лайықты жалғастырып келеді.
Әскер қатарында қызмет ету – әрбір азаматтың қасиетті борышы деп білемін. Отанды қорғау – тек міндет қана емес, үлкен мәртебе. Біз сияқты жас сарбаздар әскери өмірдің қыр-сырын меңгеріп, тәртіп пен жауапкершілікке үйренеді, нағыз патриот ретінде қалыптасады.
Қарулы Күштердің дамуына мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлінуде. Әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, жаңа техникамен қамтамасыз ету, заманауи оқу-жаттығулар өткізу – осының барлығы армияның әлеуетін арттыруға бағытталған.
Мен Қазақстанның Қарулы Күштерін мақтан тұтамын. Болашақта еліміз әрқашан тыныш, көк туымыз биік болсын деп тілеймін. Отанды сүю – әрбір азаматтың қасиетті борышы! Біз де сапалы білім алып, еліміздің дамуына өз үлесімізді қосуымыз керек!

Әлихан УӘлихан,
Бауыржан Момышұлы атындағы
дарынды ер балаларға арналған
мамандандырылған әскери мектеп-интернатының
7 “Б” сынып кадеті

Таңдаулы материалдар

Close