Basty bet
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы
«Мерейлі отбасы-2026» Ұлттық конкурсының аудандық кезеңіне 15 мамыр – 15 маусым аралығында өтініштер қабылдау жүргізіледі.
Конкурстың ұйымдастырушылары – Жуалы ауданы әкімдігі.
Конкурсқа қатысуға өтінім аудандық комиссияға жыл сайын конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жарияланған күннен бастап бір ай ішінде, қағаз немесе электрондық нұсқада мынадай құжаттармен қоса беріледі:
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсынымхаттары (кемінде екеу);
7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
8) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) (бар болса) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері.
Толық ақпаратты аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінен немесе аудан әкімдігінің ресми сайттарынан алуға болады.
Анықтама телефондары:
8 (72635) 21332.