Basty bet

Жасөспірім ұл балалардың өсімталдығы

Денсаулыктың ең маңызды құрамдас бөлігінің бірі- репродуктивтік денсаулық (reprodutcio -қайта өндіру, көбею). Қазақстан Республикасының Конституциясында: “Неке және отбасы, ата-ана және бала мемлекет қорғауында”,-деп көрсетілген.
ДДСҰ анықтамасы бойынша репродуктивтік денсаулық – бұл тек ауру жағдайының жоқтығы емес немесе жыныс жүйесінің, оның қызметі мен процестерінің бұзылуында ғана емес, толық дені сау, яғни денесі шыныққан, ойлау қабілеті дамыған, әлеуметтік дұрыс жағдайда өзіне ұқсас ұрпақ жалғастыра алу процесі.
Репродуктивтік денсаулық тіршілік жағдайына, тамақтануға, экологияға, генетикалық тұқымқуалаушылыққа, сонымен қатар репродуктивтік денсаулық жұмысы мен оны қорғау қызметіне де байланысты болады.
Ер адамдардың жыныс мүшелеріне: аталық без, қуық асты безінен шәует қуықшасы жатады. Ер адамдардың сыртқы жыныс мүшелеріне – аталық жыныстық мүшелер мен ұмадан тұрады.
Өсіп дами бастаған сайын жасөспірімдерде жыныстық белгілер байқала бастайды. Бұл ішкі секреция бездерінің активті қызмет етуіне байланысты болады.Бұл кезеңде барлық ағзада үлкен өзгеру жүреді. Ұлдарда сақал-мұрт өсіп, қолтық пен шапқа да түк шығады. Көмей аймағында шеміршекті өсінді томпая бастайды, дауыс тембрі өзгереді.
Жыныстық жетілу
Жыныстық жетілу эндокриндік және жүйке жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Бұл кезең өтпелі немесе пубербатты кезең деп аталады. Қыздардың жыныстық жетілуі, 9-10 жаста, ал ұлдарда 12-14 жаста басталады. Жыныстық жағынан қыздар 16 жаста жетіледі, ал ұлдар 18 жаста жетіледі. Жыныстық қызметтің тоқтауы әйелдерде 40-50-де, ал ерлерде 65-70 жасында байқалады.
Жыныстық жетілу мерзімдері әр адамда әртүрлі болып келеді. Бұлар көптеген факторларға тұқымқұалаушылық, тұрмыстық, әлеуметтік-экологиялық және сонымен қатар денсаулығына тамақтануына, климат жағдайына да т.б. жағдайларға байланысты болады. Әртүрлі қолайсыз факторлар әсерінен жыныстық дамудың кешеуілдеуі немесе дамуда әртүрлі өзгерістері болуы мүмкін.
Репродуктивтік денсаулыққа әсер ететін факторлар.
Репродуктивті денсаулыққа әсер ететін факторлар болып зиянды әдеттер (шылым, ішімдік, есірткі заттары), жыныстық қатынасқа ерте жастан бару, жыныстық жолмен таралатын аурулар және кіші жамбас аймағындағы жұқпалы аурулар репродуктивті денсаулыққа зиянды әсер етеді.
Темекі шегу репродуктивті жүйесіне өте зиянды әсер етеді. Никотиннің жыныс мүшелерінің қызметін, жыныс жасушаларының бұзатындығы дәлелденген.
Темекі шегу қандағы гемоглобиннің мөлшерін төмендетеді, сондықтан ұрық оттегі жетіспеушілігіне шалдығады. Мұндай жағдайда алдымен ұрықтың жүйке жүйесі зақымданады, соның салдарынан нәрестенің дамуы жетіледі.
Ішімдік жыныстық жетілуге зиянды әсер ететіні анықталады. Ішімдікті көп ішу ер адамдарда тіпті жас кезінің өзінде жыныстық жүйе қызметін төмендетеді, кейде жоғалады. Ерлер бедеулігі себептерінің негізгісі – ішімдікті көп пайдалану. Ер адамдардың жыныстық жасушалары ішімдіктің әсеріне өте сезімтал, ішімдік әсерінен сперматозоидтардың көп мөлшерінің өлуі ұрықтану мүмкіндігін төмендетеді.
Адамзат тұқымқуалаушылық туралы ғылым – генетиканың пайда болуынан көп пайдаланатын адамдар ұрпақтарының мүгедек болып туылатынына назар аударған. Міне, сондықтан да түрлі елдердің ежелгі заңдары мен салттары неке құру кезінде ішімдік ішуге тыйым салған.
Мас кезінде ұрықтанудың ауыр себептері ішімдікті ата-ананың тек біреуінің пайдалануы кезінде де болады.
Жыныстық қатынасты ерте бастау жасөспірімдер үшін аса қауіпті!

Дамир Сарыбаев,
хирург-ординатор

Таңдаулы материалдар

Close