Basty bet
Жаңа Конституцияда Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасының негізгі қағидаттары бекітілген: Премьер-министр мемлекеттік органдарға аумақтарды абаттандыру және қоғамның экологиялық мәдениетін арттыру бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды
📌 Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов экологиялық мәдениетті дамыту және қоғамды жаңа Конституция шеңберінде “Таза Қазақстан” бастамасын іске асыруға тарту жөніндегі шараларға назар аударды.
«Жаңа Конституцияда Мемлекет басшысының “Таза Қазақстан” бастамасының негізгі қағидаттары бекітілген. Маңызды бастама ауқымды жалпыұлттық қозғалысқа және мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналды.
Барлық мемлекеттік органдар аумақтарды абаттандыру мен көгалдандыру және қоғамның экологиялық мәдениетін арттыру бағытындағы жұмысты күшейтуге тиіс.
Осы орайда, өңірлердің, мемлекеттік органдардың аталған қозғалысқа жастар ұйымдарын, волонтерлік топтар мен еңбек ұжымдарын кеңінен тарту қажет»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.